Кездесуде компанияның Қазақстандағы іс-қызметін одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.
Мәселен, көмірсутегі шикізаты кеніштерін игеру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары мен барысы талқыланды.
Кездесуде «Шелл» концернінің бүгінде Қазақстандағы үш кәсіпорынға қатысып, ел экономикасына 2 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсағаны тілге тиек етілді.
ҚР үкімет басшысы ынтымақтастықтар қарқынына оң баға беріп, Қазақстан үкіметі «Шелл» компаниясын республиканың мұнайгаз саласын дамытудағы маңызды инвестор мен әріптестердің бірі деп санайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Йерун ван дер Веер «Шелл» концерні ұзақ мерзімді инвестор болуға және Қазастандағы өз үлесін арттыруға талпынатынын атап өтті.