Үкімет басшысы Шымкентте Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаянмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Шымкентте Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

Үкімет басшысы Шымкентте Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республика премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Шымкентте мемлекет басшысының тапсырмасымен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

Үкімет жетекшісі мәртебелі қонақпен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық барысын талқылады. Тараптар екі ел басшыларының бұған дейінгі келісімдерін Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы сауда-экономикалық, нақтырақ айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады. Екі ел үкіметі мен бизнес қоғамдастығының тығыз ынтымақтастығы арқасында көлік және коммуникация, құрылыс, энергетика және мұнай-химия салаларында бірнеше жобалар жүзеге асырылмақ. Кәрім Мәсімов бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткен Әмірліктің басшылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірлігі іскерлерінің Қазақстан экономикасына инвестиция салуына қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық экономиканың одан әрі дамуына ықпал ететіндігі туралы пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар