«Ішкі істер министрлерінің кеңесі — Достастық аясындағы ең бір тиімді органдардың бірі. Бұл орган саясиланбаған болуға тиіс. Кеңес — азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіп-құқықты сақтау міндеттерін шешуге қабілетті тиімді тетік»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов кеңес мүшелерінің назарын заңсыз есірткі айналымына аударды. «Біз Азиядан Еуропаға есірткі тасымалданатын транзит жолындағы елміз, сол себепті бұл Қазақстан үшін аса маңызды міндет. Сыртқы шекарада сенімді кедергі қойып, есірткі тарататындарға қоғам тарапынан төтенше төзімсіздік танытатындай ахуал қалыптастыру керек»,- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті