Жарияланды: 540

Үкімет басшысы үлескерлік құрылысты реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов үлескерлік құрылысты реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңеске мемлекеттік органдардың, қаржы және құрылыс қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ парламент мәжілісінің депутаттары қатысты. Кеңес барысында "Түрғын үй құрылысына қатысу үлесі туралы" заң жобасы қаралды. Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар үлескерлерді қорғаудың дәрежесін арттыруды көздейтін қаржы және құрылыс қауымдастықтарының ұсыныстарын талқылады және келісілді. Кәрім Мәсімов толықтай алғанда кеңеске қатысушылар тарапынан әзірленген заң жобасының бірқатар тұжырымдамалық ережелері жөнінде үйлесімді пікірді мақұлдады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін