Үкімет басшысы Ұлттық компаниялардың топ менеджерлеріне еңбекақы төлеудің біртұтас жүйесін енгізу қажет деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Ұлттық компаниялардың топ менеджерлеріне еңбекақы төлеудің біртұтас жүйесін енгізу қажет деп есептейді

Үкімет басшысы Ұлттық компаниялардың топ менеджерлеріне еңбекақы төлеудің біртұтас жүйесін енгізу қажет деп есептейді

АСТАНА. 20 қыркүйек . Kazakhstan Today. Қазақстан премьер -министрі Даниал Ахметов Ұлттық компанияның жоғары буындағы басшыларына еңбекақы төлеудің біртұтас жүйесін енгізу қажет деп есептейді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 671
Фото - Caravan.kz

Ұлттық компаниялардың басшыларының еңбекақысын ретке келтіру туралы елбасының тапсырмасына байланысты өткен кеңес барысында : «тәртіп орнату үшін ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері мен басшылары арасында еңбекақыны есептеудің біртұтас жүйесін дайындау керек . Сыйақы мен бонустар компанияның атқарған жұмысына қарай белгіленуі қажет»,- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Үкімет басшысы бюджеттік қаражатпен тіршілік етіп жатқан ұлттық компания басшылары алған әлеуметтік сыйақыларға да назар аударды. Ол «Қазына» қорының еңбекақыға қосымша берілетін сыйақы, өтемақы және өзге де төлемдер түрінде төленетін тізімін мысалға келтірді. Нақтырақ айтқанда, оның құрамына күретін жекелеген даму институттарында , ағымдағы сипаттағы өндірістік нәтижелері үшін — 10 лауазымды еңбекақы мөлшеріне дейін сыйақы белгілеген. Баспасөз хабарламасында: «мерейтой, туған күн, мемлекеттік мерекелерге, тамақтануға, баспана жалдап тұрғаны және жұмысынан қысқарғаны үшін жәрдемақы беру тәрізді шығындар да қарастырылған»,-делінген.

Осыған байланысты үкімет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінеарнайы жұмысшы тобын құрып, бір апта ішінде осы мәселеге қатысты ұсыныстарын беру міндетін жүктеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта