Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы өнеркәсіп және әлеуметтік нысандармен танысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы өнеркәсіп және әлеуметтік нысандармен танысуда

Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы өнеркәсіп және әлеуметтік нысандармен танысуда

Бүгін, 23-сәуірде республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Жамбыл облысына жұмыс сапары басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 510
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметов бірден тұрғын үй құрылысы көрмесіне бет түзеп, онда облыстағы кешенді құрылыс салу жоспарымен танысты. Журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында ол облыста 2004-жылы бағдарлама аясында 13 мың шаршы метр тұрғын үй, 2005-жылы 50 мың, 2006-жылы 80 мың, ал 2007-жылы 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлады. Үкімет басшысы халықтың тұрғын үй құрылысы бағдарламасынан бейхабар екендігіне назар аударды. «Бұл бағытта түсініктеме жұмыстарын қолға алу қажет»,- деді Д.Ахметов.

Бұдан кейін Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылына жол тартқан үкімет басшысы арақ-шарап, шырын, азық-түлік қоспалары, малға арналған құрама жем өндірумен шұғылданатын «БМ» ЖШС-нің іс-қызметімен танысты. 2003-жылы «БМ» ЖШС ұн сапасын арттыру үшін желімтік мөлшері төмен ұнға қоспа түрінде ұн және кеспе өндірісі мен наубайханаларда қолданылатын өсімдік тектес белок — глютен өндіретін зауытты іске қосты. Үкімет басшысы еліміздің тұқым сеуіп, ұн тартатын облыстары үшін бұл жобаның маңызы мен өнімнің өзектілігін атап өтті.
Бұл жерде үкімет басшысы сондай-ақ, отбасылық дәрігерлік амбулаторияда болды. Ол «ауыл тұрғындарының тұрғылықты жерлерде кәсіби көмек алуы үшін» отбасылық дәрігерлік амбулаториялар жақсы жабдықталып, жағдайға лайықталған болуы тиістігін айтты.
Таразда үкімет басшысы «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы — жаңа Жамбыл фосфор зауытында болды. Д.Ахметов «қуатын арттырумен бірге жаңа инновациялық технологияларды қолданысқа енгізу арқылы өнім өндіру мөлшерін арттыра алған» Жамбыл фосфор зауытының даму стратегиясын үкіметтің қолдап отырғанын жеткізді. Үкімет басшысының айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорын өндіріске 60 млн. доллар көлемінде инвестиция салмақшы.
Сондай-ақ, үкімет басшысы металл құрылғылар өндіретін «Имсталькон» зауытында болды. Бұған дейін зауытта цистерналар да өндіріліп келген. Д.Ахметовтың айтуынша, Қазақстан жыл сайын 400 мың цистернаға мұқтаж болады, бірақ ол үшін «ендігі кезекте сертификаттау» проблемасын шешу керек.
Ал түстен кейін Д.Ахметов Қаратауға келіп, «Сарытас» АҚ-ын аралайды. Аталмыш өндіріс негізінде кальцийлі сода шығаратын кәсіпорын құру көзделген. Осындағы мектеп-интернатта болады.
Үкімет басшысының Жамбыл облысындағы жұмыс сапары бүгін түстен кейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар