Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған ақпарат министрін таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған ақпарат министрін таныстырды

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған ақпарат министрін таныстырды

Бүгін, 12-шілдеде ҚР үкімет басшысы ақпарат министрлігінің ұжымына жаңа басшысын таныстырды. ҚР ақпарат министрі болып Алтынбек Сәрсенбаев тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 339
Фото - Caravan.kz

А.Сәрсенбаев 1962-жылдың 12-қыркүйегінде туған. С.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Түрлі уақыттарда ҚР үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияны, ҚР баспа және бұқаралық ақпарат министрлігін, мәдениет , ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін, ҚР қауіпсіздік кеңесін басқарды. 2002-жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі және Армения мен Финляндиядағы елші қызметтерін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2003-жылдың қараша айының басында Елбасының жарлығымен А.Сәрсенбаев елшілік қызметтен босатылды. Осыдан кейін «Ақжол» партиясының кезекті құрылтайында А.Сәрсенбаев партияның тең төрағасы болып сайланды.

Перейти к новостям спорта