Жарияланды: 310

Үкімет басшысы жаңажылдық мереке күндері халықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов жаңажылдық мереке күндері халықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.

«Біз жаңажылдық мерекелік шаралардың қарсаңындамыз. Осы орайда, демалыс күндерінде халықтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударғым келеді»,-деді С. Ахметов. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы ел халқын жылумен, газбен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесінің айырықша бақылауда болуын атап өтті. «Биылғы қыс ерекше аязды болуын жалғастыруда. Өздеріңіз білесіздер, синоптиктердің болжамы бойынша соңғы 30 жылда осындай екі апталық аязды күндер жалғаспаған болатын. Дегенмен де, қыстың қаһары әлі алда. Атап айтқанда, қаңтарда да сарышұнақ аяздар болады деп күтілуде»,-деп жеткізді Премьер-Министр. Сондықтан С. Ахметов жергілікті және орталық деңгейдегі тиісті қызметтердің өзара іс-қимылына айырықша назар аударуды жүктеді. Осы орайда ол қажет болған жағдайда ескерту жүйесінің жедел әрі белсенді жұмыс істеуі керектігін қадап айтты. Сонымен қатар Үкімет басшысы мереке күндері өңірлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды жүктеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін