Үкімет басшысы Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Үкімет басшысы Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Бүгін, 23-шілдеде үкімет басшысы Даниал Ахметов Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки мырзамен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 23 Шiлде 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Біз екі жақты қарым-қатынас мәселесіне байланысты пікір алмастық»,- деп хабарлады кездесуден кейін Жапониялық елші. Оның айтуынша, Жапондық инвесторлар Каспий қайраңын игеру бағытындағы жобаларға атсалысуға әзір. Атап айтсақ, осы елдің «Импэкс» компаниясы Қарашығанақ кенішіндегі консорциумның 8,3% үлесін иемденеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1993-2001-жылдар аралығында Жапония Қазақстан экономикасына 336 млн. доллардың тікелей инвестициясын құйды. Қазір бұл ел Қазақстан экономикасына қосқан инвестиция көлеміне қарай 9-орын иемденеді.
Жапония үкіметі тарапынан ODA (дамуға ресми көмек) бағдарламасы бойынша Қазақстанға берілген көмек 800 млн. долларды құрайды. Ал 1993-жылдан бері Жапония үкіметінің Қазақстанға берген несиесінің көлемі 88,7 млрд. йенге жетті.

Перейти к новостям спорта