Жарияланды: 320

Үкімет басшысы жастар мәселесі бойынша құжаттардың сапалы орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды

Серік Ахметов елімізде жастар мәселесі бойынша құжаттардың сапалы орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында жүктеді. «Бүгінде халқымыздың 4/1-ін жастар құрап отыр. Оларға елімізде тиісті жағдай жасалып отыр. Елбасы тапсырмалары бойынша қажетті заңдар мен бағдарламалар қабылдануда. Осы құжаттардың әр облыста, әр елді мекенде сапалы орындалуын бақылауды күшейту керек», - деді Үкімет басшысы. Осы орайда Білім және ғылым министрлігіне, мемлекеттік органдармен және жергілікті әкімдермен бірге Елбасы тапсырмаларын сапалы орындау үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Аталған жұмысты бақылау Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевқа жүктелді. «Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының 2-і сьезі өтті. Өздеріңіз білесіздер, жастар мәселесі қашанда Президентіміздің ерекше назарында. Оларға қамқорлық, жан-жақты қолдау - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы жиында Елбасы Үкіметке жастар саясатының іске асуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде жұмыспен қамту, баспана салу, әлеуметтік қолдау, мемлекеттің жастар саясаты туралы заң жобасын даярлау секілді шаралар қамтылған», - деп түйіндеді С. Ахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін