Үкімет басшысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл облысындағы құрылыс жұмыстарын пәрмендендіру туралы бұйрық берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл облысындағы құрылыс жұмыстарын пәрмендендіру туралы бұйрық берді

Үкімет басшысы жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл облысындағы құрылыс жұмыстарын пәрмендендіру туралы бұйрық берді

Жер сілкінісінен зардап шеккен Жамбыл облысында болып қайтқан үкімет басшысы Даниал Ахметов ондағы әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер құрылысын салып бітіру мерзімін нақты белгіледі ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Тараздан.

  • 23 Маусым 2003
  • 591
Фото - Caravan.kz

Тұрар Рысқұлов ауданындағы тұрғын үйлер 15-қазанға дейін, мектеп ғимараттары 25-тамызға дейін, ал шеберханалар, спортзалдары мен алаңдары 2003-жылдың 1-қазанына дейін салынып бітуге тиіс.

Д.Ахметов Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық облыстардың құрылыс жұмыстары қарқынын қанағаттанарлық емес деп бағалады. «Қираған ескі үйлерді құлатып, жаңасын тез арада салып бітіру-қазіргі басты мақсат. Билікке деген сенімсіздіктің орын алуы- осы мақсаттың жүзеге аспауынан «,- деді үкімет басшысы. Құрылыс салу жұмыстарына тартылған жұмысшылар санын негізінен жергілікті түрғындар есебінен бір аптаның ішінде арттыру талабын қойған Д.Ахметов бірақ осы орайда жұмыс сапасын да қаперден шығармауды тапсырды.
Зілзала зардабын жоюға республика үкіметі 2,8 млрд. теңге бөлген. Ал тұрғын үйлер құрылысын салу Республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалаларының жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 20-маусымдағы жағдаймен қайырымдылық қорда 378,9 млн. теңге жиналды. Д.Ахметовтың пайымдауынша, бұл қаржылар діттеген мақсатқа жетуге тиіс. Ал егерде жағдай өзгеріп жатса, қосымша қаржы көздерін табуға болады деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар