Үкімет басшысы әуежайға келе облыс әкімі Икрам Адырбековпен бірге Сырдариядағы Айтек гидроторабына жол тартты. Бұл «Сырдария мен Солтүстік Арал теңізінің арнасын реттеу» жобасы аясындағы маңызды кешендердің бірі болып табылады. Жаңа гидроторап өзеннің су өткізгіштік қабілетін жаз маусымында 700 текше метрге дейін, ал қыста 425 текше метрге дейін арттырады деп күтілуде. Құны 1367 млн. теңгені құрайтын жобаны жүзеге асыру жөніндегі тендерде жеңіске жеткен Қытайдың геоинженерлік корпорациясы келісім-шарты шеңберінде өзен арнасын бойлай жаңа тіреуіш қондырғы тұрғызып, Қараөзек тармағы, Айтек, Сарыкөл және Елтай каналдарындағы басты қондырғыны жаңалады. Қондырғыларды пайдалану қызметінің жұмысшыларына арнап төрт тұрғын үй салынды.
Сондай-ақ, үкімет басшысы Қызылорданы газбен қамтамаыз ету жобасының жүзеге асырылу барысы мен жаңадан қолға алынған тұрғын үй бағдарламасының барысымен танысты. Бүгінде облыс орталығындағы «Сәулет» ықшам ауданында 60 пәтерлі 2 үй мен 128 пәтерлі 1 үйдің құрылысы ипотека бойынша салынып жатыр.
Д.Ахметов сондай-ақ жұмыс сапарының бағдарламасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі техносаябақта, «Шапағат-сүт» атты жаңа сүт зауытында болады.