Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Семейге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Семейге келді

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Семейге келді

Бүгін, 27-тамызда республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Семейге жұмыс сапары басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

10 сағат 20 минутта үкімет басшысы мінген ұшақ Семей әуежайына келіп қонды. Үкімет басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов, Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаров пен облыстың басқа да басшылары күтіп алды.

Д.Ахметов әуежайдан бірден нысандарға жол тартты. Үкімет басшысы ең алдымен «Юность» ықшам ауданындағы №19 мектепке барды. Аталмыш ықшам аудандағы жалғыз мектеп «балалардың оқу-тәрбиесіне жаңаша педагогикалық технологиялардың негізінде тұлға ретінде қарау» проблемасы бойынша жұмыс істейді, делінген таратылған баспасөз баянында.
Бұл мектепте алдын-ала кәсіптік дайындық шаралары іске асырылады. Оқушылар 7-сыныптан бастап оқу бағытына қарай қосымша кәсіптік білім игеріп шығады. Сонымен бірге мектепте мемлекеттік тілді дамытуға басым мүмкіндіктер берілген.
Мектептегі 58 кешендік комплект бойынша 1696 бала оқиды. 23 сыныпта білім қазақ тілінде беріледі. Мектеп 1988-жылы салынған.
Мектептен шыққан соң үкімет басшысы «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» АҚ-ына бет алады.
Сонымен бірге үкімет басшысы бүгін «Машина жасау зауыты» АҚ-ында болып, Семей қаласының атқамінерлерімен кеңес өткізеді.
Түстен кейін Д.Ахметов Чарск қаласына барып, Чарск-Өскемен темір жол желісінің ашылуына қатысады.

Перейти к новостям спорта