Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады

Бүгін, 25-ақпанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапарына шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Ақпан 2005
  • 421
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметов сапарын Семейден бастайды. Мұнда үкімет басшысы қаланы жылумен қамтамасыз етуші нысандардың жұмысымен танысу үшін 1-Жылу электр орталығы мен екі қазандықта болмақ. Бұдан кейін Әуезов ауылына жол тартатын премьер-министр «Бақыршық кен байыту кәсіпорны» ЖШС-ін аралайды. Бұл жерде үкімет басшысы Бақыршықтан шығатын сульфидті кеннен күйдіру жолымен металлды бөліп алуға негізделген өндіріс жұмысымен танысады.

Ал кешке қарай Өскеменге келетін үкімет басшысы мұнда «Алтын аймақ» ЖАҚ-ның алтынды кенді бактериялардың көмегімен шаймалау әдісімен өңдеу технологиясымен танысады.
26-ақпанда Д.Ахметов облыс жұртшылығының жиналысына қатысып, облыс әкімі Виктор Храпуновтың облыс атқамінерлері алдындағы есеп беру баяндамасын тыңдайды.
Сенбі күні үкімет басшысы Астанаға оралады.

Перейти к новостям спорта