Үкімет басшысы зілзаладан зардап шеккен аудандардағы залал-зардапты жою туралы қаулыға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы зілзаладан зардап шеккен аудандардағы залал-зардапты жою туралы қаулыға қол қойды

Үкімет басшысы зілзаладан зардап шеккен аудандардағы залал-зардапты жою туралы қаулыға қол қойды

ҚР премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов Жамбыл облысындағы жер сілкінісі зардаптарын жою және әлеуметтік маңызды нысандарды қалпына келтіру шаралары туралы, сондай-ақ, нөсер мен селден зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына қолұшын беруге қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2003
  • 735
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданындағы жер сілкінісінен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобы ұсынған жоспар да үкімет басшысының қаулысымен бекітілді.

Зілзала зардаптарын жоюға арнап Жамбыл облысы әкімінің билігіне 2 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, бұл қаржы жер сілкінісінен бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, жаңа құрылыстар салуға, зілзала аймағынан басқа елді мекендерге қоныс аударатын азаматтарға үй салу немесе сатып алуға , сондай-ақ, басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалады.
Мекемеаралық жұмыс тобы ұсынған жоспарда 18 орта мектептің ғимаратын жер сілкінісіне төтеп беретіндей сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеу, жай жөндеу немесе ғимаратты біржола құлату қарастырылған.
Құлан ауылында жанында емханасы бар аудандық аурухана мен жаңа перзентхана салынады. Әкімшілік-өндірістік мақсаттағы 20 ғимарат пен нысанға жер сілкінісіне төтеп беретіндей сейсмикалық күшейте отырып күрделі жөндеу жасалады.
Жоспар бойынша сондай-ақ, Луговая станциясындағы әскери қалашықта тұрғын үйлер салу және бұрынғыларына күрделі жөндеу жасау көзделген.
Жаңа тұрғын үйлерді салу тек республикалық бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылмайды, бұл мақсатқа ірі ұлттық компаниялар мен арнайы есепшоттарға келіп түскен қайырымдылық көмектер қаржысын да жұмылдыру межеленген.
2003-жылдың 9-маусымындағы ахуалмен арнайы есепшоттарға түскен қаржы 212 миллион теңгеден асты.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы сел мен нөсерден зардап шеккен шаруашылық нысандары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру , жөндеу жұмыстарына 300 млн. теңге аударылды. Бұл қаржы 2003-жылғы бюджетте қарастырылған үкіметтік резервтен бөлініп отыр.
Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттік мәліметіне жүгінсек, Оңтүстік Қазақстан облысында жалпысы 19 гидротехникалық нысан бүлініп, 164 ғимарат су астында қалған, 32 шақырым жолды су шайып, 207 гектар ауылшаруашылық алқаптары су астында қалды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Қостанай облысындағы селден бүлінген автожолдар мен басқа да нысандарды жөндеуге үкіметтік резервтен 150 миллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар