Үкімет басшысының орынбасары А.Есімов Ақтөбе облысындағы астық жинау барысымен танысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысының орынбасары А.Есімов Ақтөбе облысындағы астық жинау барысымен танысуда

Үкімет басшысының орынбасары А.Есімов Ақтөбе облысындағы астық жинау барысымен танысуда

Бүгін, 9-қыркүйекте ҚР үкімет басшысының орынбасары Ахметжан Есімов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бастығы Ерсайын Әжібаевтың айтуынша, үкімет басшысы орынбасары сапарының мақсаты облыстағы астық ору барысымен танысу болмақ.

А.Есімов облыстың Мартық және Қарғалы аудандарына барады. Е.Әжібаевтың айтуынша, бұл аудандар кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Биыл аталмыш аудандардың дихандары құрғақшылыққа қарамастан жоғары өнімге қол жеткізді. Мәселен, Мартық ауданындағы орташа өнімділік бір гектардан 12,5 центнерді құрап, жалпы республикалық көрсеткіштен артты. Ал Қарғалыда егіншілер бір гектардан 9 центнерден өнім жинауда. Облыстың басқа аудандарында төмен өнім алынып, бір гектардан 5,5-6 центнер астық орылуда, деді Е.Әжібаев.
Қазіргі жағдаймен тұтастай алғанда облыста 388,3 мың гектар алқаптан өнімнің 54,7 проценті жиналды. 229,6 мың тонна астық бастырылды.
Биыл Ақтөбе облысында астық тұқымдары себілген жалпы егістік алқаптарының көлемі 709,5 мың гектарды құрады.

Перейти к новостям спорта