Үкімет басшысының қызметтен кету туралы шешімі депуттар үшін күтпеген оқиға болған жоқ - сенатор Симамбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысының қызметтен кету туралы шешімі депуттар үшін күтпеген оқиға болған жоқ - сенатор Симамбаев

Үкімет басшысының қызметтен кету туралы шешімі депуттар үшін күтпеген оқиға болған жоқ - сенатор Симамбаев

Үкімет басшысының қызметтен кету туралы шешімі депуттар үшін күтпеген оқиға болған жоқ, біз оқиғаның осылай өрбитінін болжадық ,- деп мәлімдеді KZ-today тілшісіне берген сұхбатында сенат депутаты Тасбай Симамбаев.

  • 12 Маусым 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Сенатордың пікіріне жүгінсек, үкімет басшысының қызметтен кету туралы шешімі «өркениет талаптарына сәйкес қалыптасқан тәжірибе болғандықтан одан трагедия жасап дабыралаудың қажеті жоқ» . «Егер үкімет өкілеттілік органмен тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істей алмаса, онда олардың одан әрі ортақ мәмілеге келуі қиындық тудырады, ал бізге әлі де көп заңдарды қабылдау керек «,- дейді депутат.

Сонымен бірге депутат Т.Симамбаев : «Иманғали Тасмағамбетовтың қызметтен кетуіне парламенттегі сенім білдіру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы емес, мүлдем басқаша себеп түрткі болған тәрізді» ,-деген өз түжырымын ортаға салды.
«Жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметкерге мұндай ұсақ-түйек әрекеттер абырой әпермейді- вотум бойынша дауыс беру қорытындысын ешкім бұрмалаған жоқ, қиындық қолдан жасалып отыр»,- деп мәлімдеді Т.Симамбаев.
Оның пікірінше, үкімет заң жобасын қабылдау процедураларынан түгел өту керек еді. «Мұндай жағдайда Жер Кодексі сенатқа жетіп, өз кезегінде сенат мәжілісті де, үкіметті де, шаруаларды да, олар түгілі латифундистер деп айдар таққан топтың да мүддесін қанағаттандыратын пәтуалы шешімді табатын еді » ,- деді сенатор.
Т.Симамбаевтың айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент депутаттарымен кешегі кездесуінде Жер Кодексінің бірқатар бабына вето қоятынын хабарлаған көрінеді. «Парламент палаталарының 27-маусымдағы бірлескен оырысында біз осы ветоны қарайтын боламыз»,- деп хабарлады сенатор. Соның арқасында сенат Конституция аясына қамтылып, аталмыш маңызды заңды қабылдау процессіне қатыса алады,- деді ол. Сондай-ақ, Т.Симамбаев «халықтың да, парламенттің де күткен жерінен табылып, көңілінен шығатын үкімет басшысының есімін Елбасы ертең ортаға салады «,- дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар