Үкімет экономика мен бизнесті қаржыландыруға банктерге тағы 3 млрд доллар бөледі - Назарбаев

"Біз бүгін принциптік келісімге келдік, "Самұрық - Қазына" ірі төрт банкке қосымша капитал бөледі, мемлекет олардың акцияларының 25%-ын $1 млрд ақшаға сатып алады", - деді Н. Назарбаев.

"Тағы 3 млрд доллар экономика мен бизнесті қаржыландыруға басқа құралдар арқылы беріледі. Үкімет сіздермен бірлесіп банк жүйесін тағы да қандай жолдармен қолдау керек екендігін дәйектейді", - деді президент.