«Электр энергетикасы мен темір жол саласындағы рынокқа шығуға кедергі келтіретін тосқауылдар жойылады»,- делінген бағдарламада. Атап айтсақ, «темір жол саласында бір ғана тауар рыногы аясында жұмыс істейтін компаниялардың «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен аффилиирлік байланыста болу жағдайы жойылады, сондай-ақ, қызметтердің құрылымы қайта қарала оңтайландырылып, олардың сапасы көтеріледі».
«Электр энергетикасы саласында электр қуатын өндіруші, жалғастырушы және электр қуатымен қамтамасыз етуші ұйымдар арасындағы аффилиирлік байланысты жою жұмыстары одан әрі жалғасып, желілік компанияларға өз қызметін тұтынатын басқа да компанияларды тікелей немесе жанама иемденуге тыйым салынады»,- делінген бағдарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті