Үкімет елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын  бекітті

Үкімет елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын бекітті

Бүгін, 25-тамызда Астанада өткен үкімет отырысында елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы бекітілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық білім беру жүйесіне сатылы түрде көшу, жоғары сынып оқушыларын профильді кәсіптік бағытта оқыту жүйесін құру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жүйесін құру көзделген. Сондай-ақ, бағдарламада кәсіби мамандарды академиялық несиелер жүйесіне сәйкес бакалавриат, магистратура, докторантура тәрізді үш деңгейлі жүйе негізінде дайындауға көшу, білім беру сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесін құру қарастырылған.

Бағдарлама жобасы Елбасының 2004-жылғы 19-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес жасалды. Бағдарлама жобасын жасауда Қазақстан Республикасындағы білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі көрсеткіштері пайдаланылды. Тұжырымдаманы республика үкіметі 2004-жылғы ақпанда мақұлдаған болатын.

Перейти к новостям спорта