Индустрия және сауда министрлігінің өкілдері Даниал Ахметовқа Қазақстанның Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуі туралы мәселе бойынша Еуропалық Одақ елдерімен, Түркия және Жапониямен екі жақты келіссөздердің қорытындысы туралы, сондай-ақ 2005-жылға арналған ресми кездесулер мен келіссөздердің кестесін үкіметтің бекітуіне ұсынды.
Кеңес барысында атап өтілгендей, қазіргі уақытта Қазақстанның аясында Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты үкімет сыртқы сауда-саттықты реттеуге бағытталған заңнамалық базаның жүйелік проблемалары мен шетелдік тауарлар мен қызмет түрлерінің Қазақстан рыногына шығу жағдайларына қатысты көп жақты және екі жақты келіссөздер жүргізуде.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуде ауыл шаруашылығы бір жағынан басымдық берілген, екінші жағынан айрықша аз қорғалған сала екенін ескере отырып, қазақстан жағы ауыл шаруашылығы өндірісі саласында қолайлы тарифтік қорғау саясатын жүзеге асыру және экспорттық субсидиялар жөніндегі келісімдерді белсенді іске асыруда.