Жарияланды: 500

Үкімет еттің кейбір түрлерін әкелуге квота беру функциясын ауыл шаруашылық министрлігіне беруді қарастырады

Үкімет еттің кейбір түрлерін әкелуге квота беру функциясын ауыл шаруашылық министрлігіне (АШМ) беру мәселесін қарастырады, деп мәлім етті Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Бұл тұрғыда біз бұл мәселенің (еттің кейбір түрлерін әкелуге квота беруді - ҚазТАГ) біздің ведомствомызға берілгенін қалаймыз. Қазір бұл экономикалық даму және сауда министрлігінің құзырында, және бұл жерде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеушілердің мүдделері бар болғандықтан, мәселені біздің ведомствомызға беруді сұраймыз», - деп мәлім етті АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков үкімет отырысында. «Біз қарастырамыз. Бұл мәселені жеке отырыста қарайтын боламыз», - деп жауап берді К. Мәсімов. Сондай-ақ, АШМ басшысы бұл мәселе жақында вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен отырыста талқыланғанын айтты. «Біздің ведомство құстың етінен басқа еттің барлық түрлері бойынша квоталарды үлестірудің тарихи қағидасынан бас тартып, бірінші кезекте, қайта өңдеушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы ұсыныс енгізілді. Қайта өңдеушілердің қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырғаннан кейін трейдерлердің арасында тарихи қағидат бойынша үлестірілсін», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін