Үкімет ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады
Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін ағымдағы жылғы желтоқсанның 12-сінде Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер үкімет басшыларының отырысында қол қоюға жоспарланған ЕурАзЭҚ қызметі мен Кедендік одақты құруға қатысты құжаттар топтамасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Мәскеудегі отырыста барлығы 18 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде ЕурАзЭҚ-тың санитарлық және фитосанитарлық салалардағы ақпараттық жүйесін құру туралы келісім; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ортақ сақтандыру рыногын құру туралы хаттама; Кедендік процедуралардың және кедендік режімдер түрлері туралы келісім; Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісім т.б. бар.
Құжаттар кедендік және салықтық әкімшілендіру, кедендік-тарифтік реттеу, Кеден одағының институционалдық құрылымы саласындағы нақты іске асыратын шараларды қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін