«Үкімет жылыжай шаруашылығын дамыту үшін импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтарын кедендік баж салығынан босату жөніндегі шараларды қолға алып, оларды ҚҚС босатылатын импорттық заттар тізіміне енгізді», -деді А. Күрішбаев.
«Мемлекет ауылшаруашылық өндірісшілерге қолдау көрсетіп, салық жеңілдіктерін беріп отыр «, -деп толықтырды ол.
Министр еске салғанындай, биылғы жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингтің қаржысы есебінен елімізде 60-қа жуық жылыжай шаруашылықтары құрылады. Олардың құрылысын тұрғызу үшін арзан несиелер бөлініп отыр».
«Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылы 19 жылыжай тұрақты түрде жұмыс істеп, онда шығарылған көкөніс үлесі 0,2 % құраған. Ал дамыған елдерде оның деңгейі 5-6% жетеді, мысалы Ресейдің өзінде ол 3,5% құрайды. Сондықтан ерте көктемде елді көкөніспен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жоспарланған жылыжай құрылыстарын аяқтау қажет», — деп қорытындылады А. Күрішбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті