Үкімет ірі холдингтік компаниялардың басты бағдардан тысқары функцияларын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өткеріп беруге қатысты ұсыныстарды әзірлейді - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет ірі холдингтік компаниялардың басты бағдардан тысқары функцияларын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өткеріп беруге қатысты ұсыныстарды әзірлейді - президент

Үкімет ірі холдингтік компаниялардың басты бағдардан тысқары функцияларын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өткеріп беруге қатысты ұсыныстарды әзірлейді - президент

Үкімет ірі холдингтік компаниялардың басты бағдардан тысқары функцияларын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өткеріп беруге қатысты нақты ұсыныстарды әзірлейді. Бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 587
Фото - Caravan.kz

Елбасының түсініктемесіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан экономикасында «жоғары деңгейде шоғырлану құбылысы байқалуда». «Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 80 процентке жуығын он шақты мега-холдинг ғана уысында ұстап отыр»,- деді Н.Назарбаев. Басты іс-қызметінің сыртында, «бұл холдингтер, немесе, олигархтар деген ат-айдарға ие болғандар» салалық кәсіпорындары арқылы бірқатар профильден тысқары функцияларды атқарып отыр. Бұл ашықтық пен бәсекеліліктің жоғалуына апарып соғуда, деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың пікірінше, мұндай әрекеттер шағын және орта бизнестің дамуын тежеп отыр және соның салдары ретінде салықтан жалтаруға және бағаны ашық белгілеуді айналып өтуге мүмкіндік беруде. Осыған байланысты «басты бағдардан тысқары функцияларды шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өткеріп беру бағытында ауқымды және батыл қадамдар жасау қажет». «Мұны салық арқылы, қоғамдық және басқа да ықпал тетіктері арқылы жүзеге асыруға болады»,- деді президент.

Перейти к новостям спорта