Үкімет ішкі астық және азық-түлік нарығының тұрақтылығына толық кепілдік береді - Кәрім Мәсімов
Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет ішкі астық және азық-түлік нарығының тұрақтылығына толық кепілдік береді. Бұл туралы еліміздің үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін сенаторлар алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Үкімет алдағы кезеңге ішкі астық және азық-түлік нарығының тұрақтылығына толық кепілдік береді. Біз әлемдік азық-түлік нарығында келешекте болатын кез-келген ахуалға дайындалдық. Ел президентінің тапсырмасымен үкімет үстіміздегі жыл бойы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді. Бірінші қажеттіліктегі өнімдер - ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант пен күріштің тұрақтандыру қорлары құрылды. Мемлекеттік тұрақтандыру қоры мен мемлекеттік резервтегі астық қоры 1 млн тоннаға жетеді", -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін