Үкімет Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасының 1-ші кезеңін жүзеге асыру шараларының жоспарын бекітті - В.Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Каспий теңізінің  Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасының 1-ші кезеңін жүзеге асыру шараларының жоспарын бекітті - В.Школьник

Үкімет Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасының 1-ші кезеңін жүзеге асыру шараларының жоспарын бекітті - В.Школьник

Қазіргі жағдаймен Үкімет Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасының 1-ші кезеңін жүзеге асыру шараларының 2003-2005-жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы Каспий экологиясына арналған "Caspian Ecology 2003" атты алғашқы халықаралық конференцияда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 686
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бірінші кезекте жүзеге асырылатын шаралар қатарында 30-80-жылдарда жағалау аймағында бұрғыланған мемлекеттік қордағы гидрогеологиялық және суға батырылған мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау шараларын бірнеше кезеңмен жүзеге асыру межеленген. Каспийдегі суға батырылған ұңғымалар айрықша қатер тудыруда. Бұлар ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын шаралар қатарында.

2003-2005-жылдарда су астындағы мұнай ұңғымаларын тексеруден өткізу, құрғақтағы және суға батырылған, сондай-ақ, суда радионуклидтер түзетін гидрогеологиялық ұңғылар мен тұщы су құюға арналған жоғары дебиттік ұңғыларды жою және консервациялау жоспарланған.
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шаралар жоспарында көрсетілгеніндей, кең көлемді барлау және мұнай өндіру жұмыстары қолға алынбас бұрын теңіздің солтүстік бөлігі зоналарға бөлінеді. Соған сәйкес, фондық зерттеулер жүргізіп, аса сезімтал аймақты анықтау арқылы аймақтың экологиялық картасын жасау, қоршаған ортаға әсерді бағалау шаралары жүзеге асырылады.
Міндетті түрде ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама жасау арқылы мемлекеттік есеп, мониторинг жүргізу және кадастр белгілеу мақсатымен, теңіз бен оның жағалау аймағындағы өсімдік және жан-жануарлар дүниесінің ахуалына зерттеулер жүргізу көзделген. Сонымен қатар, экологиялық мониторинг және болжам жасау жөніндегі аймақтық біртұтас автоматтандырылған жүйе құру межеленіп отыр.
Теңіз операцияларымен айналысушы жұмысшылардың денсаулығына, санитарлық-гигиеналық еңбек ахуалына қойылатын экологиялық талаптарды күшейтуге бағытталған заң жобалары жасалып, мұнай операцияларының жануарлар әлеміне тигізетін нұқсанды әсерінің мөлшерін есептеу нормативтері белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар