Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің басшылығы, мемлекеттік басқару органдары мен басқару деңгейлері арасындағы қызмет және өкілеттілік бөлісу жобасы ескерілген мемлекеттік органдар мен мекемелердегі қызметкерлердің саны бойынша ұсыныстарын үкімет басшысының қарауына ұсынды.
Ұсынылған ақпаратқа түсінініктеме берген Даниал Ахметов жүргізіліп отырған жұмыстар құрылымы мен аппараттағы қызметкерлер саны оңтайлы боп келетін тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру жөніндегі Елбасы тапсырмалары негізге алуы тиіс екенін атап көрсетті. Үкімет басшысы сонымен бірге, экономика министрлігіне бір-бірінің қызметін қайталауға жол бермеу және бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жекелеген министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін зерттеу мақсатында қосымша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша Даниал Ахметов құжат жобасын жасаушыларға жоғарыда айтылған сын-пікірлерді ескере отырып, үкіметтің талқысына және кейіннен Елбасының қарауына ұсыну үшін, құжатты толықтыру туралы тапсырма берді.