Үкімет басшысының айтуынша, «халық денсаулық сақтау саласының даму деңгейін күн сайын көрсетілетін қызметтің сапасына, нақты ауруханалар мен емханалардың қалай қабылдап , қалай емдейтіндігіне қарай бағалайды». «Ағымдағы жылдан бастап денсаулық сақтау субьектілерін аккредитациялау тәртібі, тәуелсіз сараптама мен ауруханаішілік менеджмент енгізіледі»,- деді К.Мәсімов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, үкімет парламентке халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жобасын парламентке енгізбекші. Сонымен бірге жұқпалы аурулардың, соның ішінде ВИЧ індетінің таралу оқиғаларын азайтуға, вакцина егу науқандарын қамти отырып, аурулардың алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар қолға алынады.
«Саланы жүйелі түрде модернизациялау, қазіргі заманғы технолонияларды енгізу, аурулардың алдын алу мен емдеу, ана мен баланың денсаулығын сақтауды күшейту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жоғары кәсіби білікті медицина қызметкерлерін дайындау міндететрі тұр»,- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті