Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен мәжілісте негізінен мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері қарастырылды.
В.Супрунның айтуынша, комиссия концессияға өтуі тиіс нысандардың алдын-ала жасалған тізімін дайындап қойған. Оның қатарына 18 нысан кіріп отыр. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, биыл мамырдың 11-іне дейін тағы да осындай нысандардың қосымша тізімі бекітіліп, ал 2007 жыл қазан айының соңында үкімет концессиялық жобаларды жүзеге асыра бастамақ.
Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қарастырылған.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, К.Мәсімов комиссия мүшелерінің атқарған жұмысына оң баға берді. Үкімет басшысы: «концессия осы жылдың аяғында жүзеге асады»,-деп баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 27 қаңтарында премьер-министр комиссияның жұмысын қатты сынға алып, концессиялық жобаларға қатысты жұмыстарды тез арада тындыру қажеттігін тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті