Жарияланды: 520

Үкімет Курчатов қаласындағы зерттеу реакторының құрылысын аяқтауға қаржы бөлуге дайын

Үкімет ТОКАМАК зерттеу реакторының құрылысын аяқтауға қажет қаражатты бөлуге дайын, деп ШҚО Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО) баспасөз қызметінен хабарлады.

«Барлық жұмыстарды аяқтауға 1,5 млрд теңге қаражат қажет. Егер қаражат бөлінсе, біз келесі жылға барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, оны іске қосу-ретке келтіру жұмыстарымен айналысамыз», - деді ТОКАМАК жобасының ғылыми бөлімінің жетекшісі Генадий Шаповалов. ҰЯО-дан хабарлағандай, 22-ші маусымда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ТОКОМАК зерттеу реакторының құрылыс алаңында болып, қажет қаржы болуге уәде берді. Ғалымдардың айтуынша, үкімет басшысын ең қызықтырғаны - Қазақстан ғалымдарының термоядролық синтез бойынша халықаралық бағдарламаларда қатыса алуы мен жаңа элементтер мен материалдар алу мәселесі болды. ҚР Ұлттық ядролық орталықтағы ТОКОМАК материалтану зерттеу реакторы басқарылатын ядролық синтез ИТЭР (ITER) халықаралық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қондырғының құны $15 млн. 2010 жылы Курчатов реакторында алғашқы плазма алынды. ТОКАМАК (магниттік өрісі бар тороидалды камера – ҚазТАГ) жоғары температуралық плазманы жасап және ұстап тұруға және термоядролық реакцияны іске асыруға арналған тұйықталған магниттік тұзақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін