Үкімет мазут пен шикі мұнайдың экспорттық баж салығын төмендетуді көздеуде - Мыңбаев (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мазут пен шикі мұнайдың экспорттық баж салығын төмендетуді көздеуде - Мыңбаев (толықтырылған нұсқасы)

Үкімет мазут пен шикі мұнайдың экспорттық баж салығын төмендетуді көздеуде - Мыңбаев (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет мазут пен шикі мұнайдың экспорттық баж салығын төмендетуді көздеуде. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қараша 2008
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Владимир Сергеевич Школьник мазуттың экспорттық баж салығын төмендету жөніндегі қаулының жобасын мекеменің қарауына ұсынды, бұл қаулының жобасына сәйкес мазуттың экспорттық баж салығын130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр. Біздің мекеме мен индустрия министрлігі бұл құжатты бекітті, қазір ол Экономика, Қаржы және Әділет министрліктерінің қарауына берілді. Сондай-ақ, онда шикі мұнайдың экспорттық баж салығын бір тоннасына 210 доллардан 139 долларға дейін төмендету жоспарланған. Оны да келісуді сұраймыз», — деді С. Мыңбаев.

Оның мәліметінше, қазір Қазақстан мұнайының экспорттық бағасы қазір бір барреліне $68-69 құрайды. «Мәселе — ставканы өзгерту жайлы емес, мәселе — бағаны есептеу базасын үш айлық мерзімнен екі апталыққа, мүмкін тіпті айлыққа көшіру жайлы болмақ «, -деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар