Үкімет МЕАКАМ бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге байланысты зейнетақы қорларының ірі көлемде инвестициялық шығынға ұшырауына жол бермейді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет МЕАКАМ бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге байланысты зейнетақы қорларының ірі көлемде инвестициялық шығынға ұшырауына жол бермейді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

Үкімет МЕАКАМ бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге байланысты зейнетақы қорларының ірі көлемде инвестициялық шығынға ұшырауына жол бермейді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

"Рыноктың дәл осы бөлігі үшін мемлекет тікелей жауапкершілік жүктейтіндіктен ҚР қаржы министрлігінің аталмыш шешіміне байланысты зейнетақы қорларының ірі көлемде инвестициялық шығынға ұшырауына үкімет жол бермейді",- деп мәлімдеді бүгін, 23-желтоқсанда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов журналистердің МЕАКАМ бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі туралы сауалына берген жауабында.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Әзірге міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу туралы нақты шешім қабылданған жоқ, егер ондай атты күн туды дегеннің өзінде шара нарық заңдылығына сәйкес әділетті өткізіледі»,- деді бірінші вице-премьер.

А.Павловтың пайымдауынша, «мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында ашық, әркімге түсінікті әрі мерзімі нақты айқындалған ойын тәртібі орнығуы тиіс». «Рынок өз тарапынан Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк рынокқа қандай қаржылық құралдармен шығады дегенді күні бұрын болжап біліп отыруы тиіс». Сондай-ақ, А.Павловтың айтуынша, «қазір жаңа қаржылық құралдар іздестіру талабы қойылуда, қаржы министрлігі бұл жұмыспен айналысып та жатыр». «Соңғы аукционда мерзімі біршама ұзартылған қаржылық құралдар ұсынылды, әрі біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз»,- деді А.Павлов.
Сондай-ақ, үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, Ұлттық банк басқармаларының жуырдағы отырыстарының бірінде үкімет «зейнетақы рыногына қатысушылардың пікірін тыңдауды» көздеп отыр. «Біз Қаржыгерлер қауымдастығы мен зейнетақы секторының өкілдерін қатыстыра отырып зейнетақы роногындағы тауқыметтерді талқыламақшымыз». Осы орайда А.Павлов «еліміз заңнамаларына сәйкес зейнетақы секторындағы ахуал үшін мемлекет үлкен жауапкершілік жүктейді» дегенді ерекше атап өтті. «Зейнетақы рыногындағы қаржылық құралдардың кірісті болуынан баршамыз бірдей мүдделіміз»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-желтоқсанда қаржы министрлігінің МЕАКАМ облигациялары бойынша міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу туралы мәлімдемесі Қазақстан қаржы рыногының кәсіби қатысушыларының наразылығын тудырған болатын. МЕАКАМ-дардың ағымдағы нарықтық бағасы номиналдың 112-113 проценті деңгейінде екенін ескерсек, облигациялық міндеттеме номинал құн бойынша қайтарылған жағдайда қаржы рыногының кәсіби қатысушылары ауқымды шығынға ұшырағалы отыр. Соған байланысты еліміздегі жетекші 15 қаржылық институттың басшылары мен Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы кеңесінің төрағасы қол қойған ұжымдық хат ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов пен ҚР қаржы министрі Ерболат Досаевтың атына жолданды. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтаушы қорлардың атынан ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына да жіберілді. Бұл хаттарда қаржы рыногының кәсіби қатысушылары МЕАКАМ бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімді алып тастауды, тіпті болмаған күнде облигациялық міндеттемелерді межелі мерзімінен
бұрын , бірақ ағымдағы нарық бағасы бойынша өтеуді өтінген.

Соңғы жаңалықтар