Үкімет медициналық сақтандыруға артық ақша бөлгісі келмей қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет медициналық сақтандыруға артық ақша бөлгісі келмей қалды

Үкімет медициналық сақтандыруға артық ақша бөлгісі келмей қалды

Басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыруға Үкімет артық ақша бөлгісі келмей қалды. Халықтың ем-домына онсызда көп шығындалып отырмыз деген Денсаулық сақтау министрлігі енді жұмыс берушілердің қалтасына түспек. Сөйтіп, оларды жалақы төлеуден бөлек, емделуіне теңге бөлуді міндеттейтін заңды бүгін Сенат бекітті.

  • 30 Қазан 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сай, енді елімізде медициналық қызметтің екі түрі болады. Бірінші, әр компания өз жұмысшыларына емделуі үшін еңбек ақыдан тыс 5 пайыз ақша бөліп отырады. Бұл қаржы жаңадан құрылған медициналық сақтандыру қорында сақталады. Екіншіден, жедел-жәрдем шақыру, екпе салу, төтенше жағдайда алғашқы көмек және аурудың кейбір түрлері мемлекет есебінен әдеттегілей тегін болып қала береді. Зейнеткерлердің емін де Үкімет мойнына алып отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жалпы тегін медициналық көмекке деп жылына қазынадан 824 миллиард теңге бөлінеді екен. Бұл дағдарыс кезінде бюджетке ауыр тиіп отырған көрінеді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Қарт адамдардың көбеюі қосымша медициналық көмекке деген қажеттілікті де арттырады. Сондықтан әрине қосымша қаржы керек. Тек қана мемлекет бұл қаражататрды өзі көтере алмайды. 5 пайыз дегенмен сатылап, 2017 жылдан бастап 2 пайыз, оданк кейін 3, тек 2020 жылда ғана 5 пайызға көтеру мәселесін қарадық.

Соңғы жаңалықтар