Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда
![]() |
Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда. Бұл туралы ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев "Отандық машина жасауды дамыту: Қазақстанның үлесін ұлғайту" атты республикалық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бұл талдауға сәйкес, негізінен мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік органдар, министрліктер мен мекемелер, әкімдіктер жүзеге асырады. Біз қазір министрліктер мен мекемелердің, әкімдіктердің, барлық мемлекеттік компаниялардың, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының, "Қазагро" мемлекеттік холдингінің бірінші басшылары мемлекеттік сатып алулар аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайту үшін жеке жауапкершілік жүктейтін болдырып, нормативпен реттемекшіміз", - деді Ө. Шүкеев.
"Ал жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларға келсек, біз оны қадағалайтын боламыз, Индустрия және сауда министрлігі арнаулы шара қолданатын болады, яғни, осы құрылымдарға өткізілген кез-келген тендерге импорттық жабдықты отандық өнімге ауыстыруға мүмкіндік болды ма деген тұрғыда талдау жасалатын болады. Бұл мәселе бірінші басшылардың деңгейінде қаралуға тиіс", -деді вице-премьер.
"Ол үшін бір айдың ішінде арнаулы нормативтік базаны қалыптастыру, соның ішінде офсеттік саясат жөніндегі заңның жобасын жасау көзделуде, бұл база Қазақстандық өнім өнідірушілердің машиналары мен жабдықтарын сатып алуға ынталандыратын болады", - деді вице-премьер.
Ол кеше президент қол қойған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңда "өнімінің бөлшектерінің 50% астамын елдің өз ішінде өндіретін компаниялар отандық тауар өндіруші деп саналатыны айқын көрсетілгенін" еске салды.
Вице-премьердің мәліметінше, бүгінде минералдық - шикізат кешені үшін жылына шамамен 16 млрд доллардың машина жасау саласының өнімдері сатып алынады. "Оның тек 7% ғана еліміздегі кәсіпорындарда жасалады, ал импорт басымдыққа ие, машина жасау саласы өнімінің импорты 2007 жылы $15,2 млрд, немесе республиканың жалпы импорты көлемінің 47% құрады", - деді ол.
"Тек мұнайгаз саласының дамуы Теңіз, Қарашығанақ, Каспий теңізінің Қазақстандық секторы секілді ірі жобаларға негізделеді. Олардың жабдықтар сатып алу көлемі $8 - 10 млрд бағаланады, бұл отандық жабдықтардың бөлшектерін өндіру көлемін кеңейту мүмкіндігін бермек", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін