Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда

Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет мемлекеттік сатып алу аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайтуға бірқатар шаралар қолдануда. Бұл туралы ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев "Отандық машина жасауды дамыту: Қазақстанның үлесін ұлғайту" атты республикалық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2008
  • 581
Фото - Caravan.kz

«Бұл талдауға сәйкес, негізінен мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік органдар, министрліктер мен мекемелер, әкімдіктер жүзеге асырады. Біз қазір министрліктер мен мекемелердің, әкімдіктердің, барлық мемлекеттік компаниялардың, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, «Қазагро» мемлекеттік холдингінің бірінші басшылары мемлекеттік сатып алулар аясындағы қазақстандық тауарлар көлемін ұлғайту үшін жеке жауапкершілік жүктейтін болдырып, нормативпен реттемекшіміз», — деді Ө. Шүкеев.

«Ал жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларға келсек, біз оны қадағалайтын боламыз, Индустрия және сауда министрлігі арнаулы шара қолданатын болады, яғни, осы құрылымдарға өткізілген кез-келген тендерге импорттық жабдықты отандық өнімге ауыстыруға мүмкіндік болды ма деген тұрғыда талдау жасалатын болады. Бұл мәселе бірінші басшылардың деңгейінде қаралуға тиіс», -деді вице-премьер.

«Ол үшін бір айдың ішінде арнаулы нормативтік базаны қалыптастыру, соның ішінде офсеттік саясат жөніндегі заңның жобасын жасау көзделуде, бұл база Қазақстандық өнім өнідірушілердің машиналары мен жабдықтарын сатып алуға ынталандыратын болады», — деді вице-премьер.

Ол кеше президент қол қойған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда «өнімінің бөлшектерінің 50% астамын елдің өз ішінде өндіретін компаниялар отандық тауар өндіруші деп саналатыны айқын көрсетілгенін» еске салды.

Вице-премьердің мәліметінше, бүгінде минералдық — шикізат кешені үшін жылына шамамен 16 млрд доллардың машина жасау саласының өнімдері сатып алынады. «Оның тек 7% ғана еліміздегі кәсіпорындарда жасалады, ал импорт басымдыққа ие, машина жасау саласы өнімінің импорты 2007 жылы $15,2 млрд, немесе республиканың жалпы импорты көлемінің 47% құрады», — деді ол.

«Тек мұнайгаз саласының дамуы Теңіз, Қарашығанақ, Каспий теңізінің Қазақстандық секторы секілді ірі жобаларға негізделеді. Олардың жабдықтар сатып алу көлемі $8 — 10 млрд бағаланады, бұл отандық жабдықтардың бөлшектерін өндіру көлемін кеңейту мүмкіндігін бермек», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар