Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қосымша қаражат бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қосымша қаражат бөледі

Үкімет мемлекеттік тілді дамытуға қосымша қаражат бөледі

Үкімет қазақ тілін дамытуға және қолданыс аясын кеңейтуге қосымша қаржы бөледі, деп үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін бейне-онлайн-конференция барысында мәлімдеді.

  • 16 Шiлде 2011
  • 652
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз, келешек бюджетте мемлекет қосымша қаржы бөледі.

Осыдан үш-төрт жыл бұрын біз мемлекеттік тілді оқытудың жақсы әдістемелері жоқ дейтінбіз. Ал мен сіздерге қазақ тілін оқытудың жақсы әдістемелері жетерлік деп айта аламын.
Қазір жақсы оқытушылар бар, Интернет арқылы үйренуге де болады, біз ең болмағанда, ауызекі тілді меңгеру үшін қосымша қаржы бөлеміз, — дейді К.Мәсімов.
Премьер «қазір қазақ тілін оқығысы келетін адам оны үйреніп алады» деп атап өтті.
Дегенмен үкімет башсысы теле-радиобағдарламалардың толықтай қазақ тіліне көшу идеясын қолдамайтынын айтады.
«Біз көп ұлтты мемлекетпіз. Біз қазір қазақ тілінде сөйлей бастаймыз, бірақ басқа ұлттарға да тіл үйренуге мүмкіндік беруіміз керек. Сондықтан мен мұнымен келіспеймін», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар