«Бізге кеше ғана мүлікті заңдастыру мерзімін 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзартуды ұсынған «Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық мәселелері жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті»,- деді С. Жалыбин.
Естеріңізге сала кетейік, «Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң 2006 жылдың шілде айына дейін болған. Алғашқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылады, деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті