Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды
Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды, бірақ барлвқ әлеуметтік бағдарламалар орындалады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2009 жылы мұнайдың бір баррелінің бағасы $40, 2010-2011 жылдары бір барреліне $50 тұрады деген есеппен 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджетті қайта есептеп шығуға тапсырма бердім", - деді Кәрім Мәсімов.
"Ел президентінің тапсырмасымен бюджетке енгізілген барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалады деп тағы бір рет атап өткім келеді", - деп мәлімдеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін