Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды

Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Үкімет мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті қайта қарайды, бірақ барлвқ әлеуметтік бағдарламалар орындалады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 324
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2009 жылы мұнайдың бір баррелінің бағасы $40, 2010-2011 жылдары бір барреліне $50 тұрады деген есеппен 2009 — 2011 жылдарға арналған бюджетті қайта есептеп шығуға тапсырма бердім», — деді Кәрім Мәсімов.

«Ел президентінің тапсырмасымен бюджетке енгізілген барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалады деп тағы бір рет атап өткім келеді», — деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар