Үкімет отырысында астық жинау науқанының мәселелері қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет отырысында астық жинау науқанының мәселелері қаралды

Үкімет отырысында астық жинау науқанының мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет Үйінде кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 804
Фото - Caravan.kz

Күн тәртібінде ағымдағы жылғы астық жинау науқанын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне қарағанда, 28 қыркүйекте 11 млн. га дәнді дақылдар немесе жиналатын аумақтың 74,7% жиналды. 13,2 млн. тонна дән бастырылды. Өнімділік — 12 ц/га. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен  0,4 центнерге жоғары», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Оның мәліметтеріне қарағанда, дәнді дақылдар егілетін үш негізгі аймақта  8,1 млн. га немесе 71,5% жиналды. 9,4 млн. тонна бастырылды. Орташа өнімділігі 11,6 ц/га. Осылайша, Ақмола облысында 3,1 млн. га астам (75,9%), Қостанай облысында — 2,6 млн. га (64,8%), Солтүстік Қазақстан облысында- 2,4 млн. га (74%) жиналды.

«Қазан айында жылы, жауын-шашын нормаға сәйкес болады деп күтілуде. Мал азығын дайындау жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр», — деді  Ауыл шаруашылығы министрі.


А.Мамытбеков ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын 10-15 күннен кейін аяқтау жоспарланғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар