Үкімет пен Ұлттық банк құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет пен Ұлттық банк құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуде

Үкімет пен Ұлттық банк құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуде

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуде.

  • 20 Тамыз 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Үкімет пен Ұлттық банк әлемдік экономикадағы теріс факторлардың күшеюін ескеріп, экономика мен жұмыспен қамтылудың тұрақты ұзақмерзімді өсімін қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуде», — деді ол.
К.Мәсімовтің атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлтттық банк ағымдағы жылы орташа мерзімді болашақта инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруға кіріскен. Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын барынша оңтайлы әрі, еркін қалыптастырылуын қамтамасыз ету мақсатында валюталық дәлізін кеңейту туралы шешім қабылдаған. 
«Дегенмен, жаһандық экономикадағы ахуал нашарлауын жалғастыруда, біздің еліміздің негізгі экспорттық өнімдері мұнай мен металлдың әлемдік бағасы төмендеуде. Бұл ЖІӨ өсімі қарқынына теріс әсер етіп, отандық экономиканың сыртқы ықпалға осалдығын арттырады. Экспорттық кірістің төмендеуі республикалық бюджет пен елдің төлем теңгеріміне кері әсер етеді», — деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар