Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады

Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады

Үкімет "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үй кешендерін сату туралы шешім қабылдады. Үкімет басшысы Даниал Ахметов тиісті бұйрыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Тамыз 2005
  • 824
Фото - Caravan.kz

Бұйрық мәтінінде көрсетілгендей, мұндай шешім қабылдау аталған қонақ үй кешендерін сатуда заңдылықтың сақталуы мен ашықтығы, сондай-ақ алда тұрған жылыту маусымында Алматы қаласының энергетикалық кешенін дайындау мақсатында қабылданған.

Қабылданған құжатқа сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының меншік құқығында тұрған қонақ үй кешендері жекелеген лоттармен сатылатын болады.
Осы өкіммен, сондай-ақ қонақ үй кешендерін сату және дайындау жөніндегі комиссия құрылып отыр. Оның құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері және парламент депутаттары енген. Комиссияға ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник төрағалық жасайды. Комиссия құрамында парламент депутаттары Серік Әбдірахманов, Ерасыл Әбілқасымов, Амалбек Тшанов, Михаил Трошихин және Амангелді Таспихов жұмыс жасайды. Қала әкімдігінен — әкімнің орынбасары Асқар Сманқұлов бар. Бұдан басқа, комиссияға өз жұмысына байқаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарту міндеті жүктелді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, «Алматы» және «Қазақстан» қонақ үйлері кепіл мүлік ретінде, «Алматы Пауэр Консолидейтед» (АПК) жабық акционерлік қоғамының міндеттемесіне сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына берілген болатын. Аталған барлық нысан Алматы қаласында биылғы жылғы маусымда ашық саудаға түсуі керек еді, алайда сауда жүзеге аспады деп танылды. Содан кейін, АПК-ның күзгі-қысқы маусымға техникалық және технологиялық дайындығының нашарлығын ескере отырып, Үкімет АПК тоқтаусыз одан әрі жұмыс істеуін тұрақтандыру үшін қаражаты мен тиісті тәжірибесі бар «ҚазТрансГаз» компаниясының аталған қонақ үйлер мен АПК мүліктік кешенін сатып алуы туралы шешім шығарды. Сол кезде Үкімет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық саудада «Алматы» және «Қазақстан» қонақ үйлерін алдағы уақытта сату туралы шешім қабылдаған болатын. 16- тамызда өткен кеңесте үкімет басшысы энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, қабылданған құжаттың орындалуын және қонақ үйлерді сатқаннан түскен қаражатты жылыту кезеңіне қаланың энергетикалық кешенін дайындауды қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта