Үкімет Қазақстанда ғылымды дамыту жөніндегі 2007-2012-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Қазақстанда ғылымды дамыту жөніндегі 2007-2012-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны мақұлдады

Үкімет Қазақстанда ғылымды дамыту жөніндегі 2007-2012-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны мақұлдады

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен отырыста үкімет Қазақстанда ғылымды дамыту жөніндегі 2007-2012-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 28 Қараша 2006
  • 585
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаның мақсаты — ғылымды халықаралық деңгейге көтеруге саяды. Қазір отандық ғылымды дамытудың бес басымдық берілген бағыты анықталған — олар нанотехнологиялар, биотехнологиялар, ядролық және ғарыштық технологиялар, сондай-ақ, көмірсутегі және тау-кен-металлургиялық саланың озық технологиялары.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 200 млрд. теңге қажет, дейді білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова. «Бағдарламаны жүзеге асырудың 2007-2009-жылдар аралығындағы бірінші кезеңі 83 млрд. теңгені, 2009-2012-жылдар аралығындағы екінші кезеңі 108 млрд. теңгені талап етеді»,- деді ол.

«Бағдарманы жүзеге асыру барысында 2009-жылға дейін жоғары ғылыми-техникалық кеңестің жанынан халықаралық сарапшылар кеңесі құрылып, басымдық берілген ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар қабылданып, басымдық берілген бағыттар бойынша бес ұлттық ғылыми зертхана мен жоғары оқу орындарының жанында инженерлік бағыттағы он- он бес зертхана құрылады»,- деді Б.Әйтімова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта