Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда

Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда

Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда мәжілістің жалпы отырысына қатысқан республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қазан 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының айтуынша, «бүгінде үкімет Шымкент мұнай өңдеу зауытының тағдырынан қалыс қалмауға талпыныстар жасауда, сонымен бірге Павлодар мұнай өңдеу зауытымен арадағы қарым-қатынасты да қайта қарамақшы». «Біз бұл бағытта таяу уақыттарда оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін. Ол нарықтағы жанармайға қатысты ахуалды тұрақтандырып, бағаны біршама арзандатуға мүмкіндік береді»,- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 14-қазанда мұнай өнімдерін өндіру, сату және сақтаумен айналысатын рынок субьектілерін монополияға қарсы күрес заңнамасына бағыну тұрғысында кең көлемде тексере бастады. Бұл тексеру елдің барлық аймақтарында бір айға созылады, деді Д.Ахметов.

Перейти к новостям спорта