Үкімет Қазақстанның ақпараттық даму картасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Қазақстанның ақпараттық даму картасын бекітті

Үкімет Қазақстанның ақпараттық даму картасын бекітті

Үкімет сейсенбі күні селекторлық кеңесте Қазақстанның ақпараттық даму картасын бекітті, делінген ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің (ЭДСМ) хабарында.

  • 31 Мамыр 2011
  • 337
Фото - Caravan.kz

Құжатта айтылғандай, үкімет қарауына 17-ші мамырда тапсырылған карта мемлекеттік органдардың ұсыныстары және ескертпелерімен толықтырылған.

«Индустриалдау» бөлімінде «Қорғас» және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақтардың дамуына кешенді шаралар қабылдайтын жауапты атқарушы деп ҚР көлік және коммуникация министрлігі анықталған. Бұрын бұл мәселеге жауапты ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тағайындалған.

«Инновация» бөлімінде инновацияларды қолдау, оның ішінде қаржылық және салықтық ынталандыру мәселесінде, сондай-ақ венчурлық қаржыландыруда жауапты атқарушы деп ЭДСМ тағайындалған.

Еске салсақ, аталған картаны ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі дайындаған. Үкіметтегі өзінің сөйлеген сөзінде ЭДСМ басшысы Қайрат Келімбетов атап өткендей, «аталған картаны енгізу — жұмысты нақты жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға септігін тигізіп, ол өз кезегінде еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді».

Карта ҚР-дың 2020-шы жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарының негізгі бағыттары кескінінде жақын кезеңге еліміздің дамуының негізгі міндеттерін көрнекті көрсетеді. Ол — экономиканы әртараптандыруды тездету, дағдарыстан кейінгі дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі, келешекке инвестиция, азаматтар үшін қызмет, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, халықаралық ынтымақтастық пен интеграцияны дамыту.

Мемлекет басшысы экономиканың жыл сайынғы өсу қарқынын 7%-дан кем болмайтындай ету туралы тапсырма қойды. Ол Қазақстанға жақын 5 жыл аралығында кірісі жоғары ел қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Қаржы секторындағы бағытта биыл тұңғыш рет «Халықтық ІРО» бағдарламасы ұсынылады. Ол бойынша халық арасында «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ кіретін ұлттық компаниялардың акциялары орналастырылмақшы.

Экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында экономиканы әртараптандыру тездетіп жүргізілетін болады.

2014-ші жылға дейін 294 инвестициялық жобаны Т8,1 трлн сомаға іске асыру жоспарлануда. Ал биыл 192 жоба іске асырылмақшы. Қуат тиімділігінің кешенді жоспары іске асырылады. Одан басқа, Қазақстанда тұңғыш рет ұлттық геологиялық барлау компаниясы құрылып, атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы ұсыныстар енгізіліп отыр.

Елдің көлік әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстанның аймақтағы сауда, логистикалық, іскер хабы болатындай үкіметтің іс-қимылдары әзірленеді.

Әр бағыт бойынша, ҚР премьер-министрінің жауапты орынбасарлары тағайындалған. Әр бағыт бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы көрсетіліп, министрліктер мен агенттіктердің жауапты қызметкерлері, тапсырманы орындау бойынша нақты мерзімдер мен ақтық нәтижелері көрсетілді.
Жалпы алғанда, аталған картаны енгізу мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырылуын қадағалап отыруға және оның нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар