Үкімет қыркүйекте парламент қарауына 2011 жылдың нақтыланған бюджетінің жобасын ұсынады
Қазақстан үкіметі қыркүйекте парламент қарауына осы жылдың нақтыланған бюджетінің жобасын ұсынады, деп хабарлады премьер-министр Кәрім Мәсімов. |
Бұл туралы ол парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Оның айтуынша, бюджет түзетулері Астанада ЖЭС-3-тің жылыту құрамасының дамуын жылдамдату және оны 2013 жылдың соңына дейін аяқтау үшін енгізіліп отыр.
Алдында хабарланғандай, 2011 жылдың республикалық бюджетінің түсімдері мен шығындары сәйкесінше 4 трлн 041 млрд теңге және 4 трлн 643,8 млрд теңге көлемінде жоспарланған.
2011 жылдың республикалық бюджетінің тапшылығы 602,5 млрд теңге көлемінде жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін