Жарияланды: 630

Үкімет республикадағы бизнес-ахуалды жақсартатын бірқатар заң жобасын парламентке енгізеді - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет республикадағы бизнес-ахуалды жақсартатын бірқатар заң жобасын парламентке енгізеді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Таяу уақыттарда үкімет парламентке жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша, шағын кәсіпкерлікті және бизнес-инкубаторларды дамыту және олардың қызмет ету процедураларын жетілдіретін, сондай-ақ,"Шағын несиелік ұйымдар туралы" және "Несиелік серіктестіктер туралы" заңдарға енгізілетін түзетулерді енгізеді. Олар мүмкіндікті молайтып, отандық және шетелдік инвесторларды тартуға жағдайлар жасап, шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудегі кедергілерді азайтады", -деді Кәрім Мәсімов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін