Үкімет республикалық бюджеттен 40 млрд. теңгені игере алмады - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет республикалық бюджеттен 40 млрд. теңгені игере алмады - ҚР Елбасы

Үкімет республикалық бюджеттен 40 млрд. теңгені игере алмады - ҚР Елбасы

Қазіргі жағдаймен үкімет республикалық бюджеттен 40 млрд. теңгені игере алған жоқ. Бұл туралы бүгін, 7-тамызда Астанада өткен еліміздің 2003-жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

  • 7 Тамыз 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Желтоқсанда үкімет бұл қаржыны кез-келген жерге оңды-солды тықпалай бастайды»,- деп сынап өтті Елбасы. Соған қарамастан, Н.Назарбаевтың айтуынша, қазір тендерлік комиссияларды заң бұза отырып бірнеше мәрте өткізу салдарынан мемлекеттік сатып алуға байланысты қиындықтар туындап отыр.

Үкімет басшысына «ұлттық компаниялардың шығындарына жан-жақты тексеру жүргізу» жөнінде тапсырма берілді. Елбасы «ұлттық компаниялардың кірісі мөлшерден тыс штатты ұлғайтуға емес, халықтың тұрмыстық деңгейін арттыруға жұмсалсын» ,- деп қадап айтты.
Сондай-ақ, үкіметке жеке меншік сектормен жүргізілетін жұмыстардың белсенділігін арттыру тапсырылды. Президенттің пікірінше, үкімет пен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық ролін қазір бар күш-жігерін қызметке жұмылдыра алмай отырған Сауда-өнеркәсіптік палата атқаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар