«Салық саясаты елімізде индустриялық-инновациялық дамуға ынталандыруға, бәсекелестік қабілетті көтеруге, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және экономикадағы салық ауыртпалығының тиімді тепе-теңдігін қалыптастыруға бағытталатын болады»,- делінген құжатта.
Ол үшін «үкімет салық жеңілдіктеріне қатысты терең талдау жүргізіп, олардың экономикалық тиімділікке әсер ету деңгейін бағалауға тиіс».
«Салық ауырпалығын біртіндеп заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың кірісіне қарай аудару міндеті шешіліп, халықтың кірісі мен шығысын жаппай декларацияда көрсету тәртібін енгізу мәселесі зерделенеді».
Үкіметтің фискалдық саясаты тұтастай алғанда «бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін тиімді орындауға, кірісті мемлекеттік саясаттың басымдық берілген бағыттарына арнауға» бағытталатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті